Ескі үй сейсмоқауіпті деп танылып отыр

530
бұл үйде 35 қазір отбасы тұрып жатыр

«Баспанамыз көз алдымызда қирап барады.» Редакциямызға осылай базынасын айта келген Төле би көшесіндегі №15 үй тұрғындарының жанайқайын бұған дейін де айтылған болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wCQOUR1ajQA[/youtube]

бұл үйде 35 қазір отбасы тұрып жатыр
бұл үйде 35 қазір отбасы тұрып жатыр

Айта кетейік, қабырғасы құлап, іргесі сөгілген бұл үйді сараптамадан өткізу үшін қала әкімдігінің мамандары былтыр төтенше жағдайлар жөніндегі департаментпен бірлесіп, акт түзген. Мамандар тобы техникалық зерделеу жұмыстарының нәтижесінде үйге сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізу қажет деген қорытынды шығарыпты.

Осылайша өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тұрғызылған ескі үй сараптама қорытындысы негізінде апатты деп танылмай отыр. Тозығы жеткен баспанаға күрделі жөндеу жұмыстарының қашан жүргізілетіні белгісіз. Әзірге тиісті қаражат сұрауға ұсыныс берілген. Айта кетейік, Шымкентте дәл осындай 15 көп қабатты үй болса, соның бесеуі осы Еңбекші ауданына тиесілі.