Өңірімізде ең жиі орын алатын құқықбұзушылықтардың қатарын көші-қон заңнамасының бұзылуы бастап тұр. Бұл заңбұзушылықтың күрт өсуін облыстық прокуратура қызметкерлері зерделеп, оның себебін анықтап отыр.
Оңтүстіктің Сарыағаш ауданы Өзбекстан елімен шекараласатындықтан, кеден бекетінде тексеру кезінде көптеген заңбұзушылық анықталады. Соның салдарынан еліміздің өзге өңірлеріне өткен өзбек азаматтары 2 ай мерзімде оралмай, созбалаңдыққа салады екен. 3-4 айдан кейін еліне оралған олар дәл осы кеден бекетінде көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылады.
Дәулет Тілемісов, облыс прокурорының әкімшілік істер жөніндегі көмекшісі: «Бұл тұрғыда он бес мыңға жуық істер қаралған. Оның мың жарымы біздің өңірге тиесілі.»