Бүкіл әлемді жаулап алған флэшмоба енді шымкенттік ұйымдар да қатыса бастады. Ол – Лу Герига дертіне шалдыққандарға әлем назарын аударуға бағытталған Ice Bucket Challenge акциясы. «Дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығы» осындай шара ұйымдастырып, барша әріптестерін қолдауға шақырды.

Орынбаев клиникасы

Дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығындағы қызметкерлері көп ойланған жоқ. Бір кісідей ұйымдасып, шелекке мұздай суды құйып алды да, төбеден төңкере салды.

Орынбаев клиникасы

Акцияның басты мақсаты – ұмытшақтық дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге қаржы жинау. Жай ғана сырқаттан басталып, мүгедектікке дейін шалдықтыратын дерт ең соңында адамның қимыл-қозғалысын да тежеп тастайды. Аты жаман науқасқа шалдыққандар үшін мүгедектік арбасына таңылу ғана қорқынышты емес. Алдын алмаса індеттің ақыры өмірді жалмауы да мүмкін.

Дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығындағы дәрігерлер бір міндеттен құтылғандай. Енді акция шарты бойынша алдағы бір тәулік ішінде оған жауап қатылу керек.

Акцияны қолдаудан әйгілі қазақстандықтар да қалыс қалмады. Боксшы Геннадий Головкин әлемдік эстафетаны велашабандоз Александр Винокуровтан қабылдап алып, мұздай суды басынан бастап құйып қана қоймай, мұзға толы ваннаға да сүңгіп шықты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wjgkPCshu54[/youtube]

Шараға мәжілісмен Владислав Косарев та үн қосты. Суық суға шомылу кезінде ол бүкіл қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ, «Балаларға өмір сыйла» акциясына қайырымдылық қаржысын тапсырды.

Ұйымдастырушылар бұл еріккеннің ермегі емес дейді. Лу Герига дертіне күресуге болысудың түрі екенін айтады. Сондықтан шара барысында суық суды құйынудан бөлек індеттен жапа шегіп жүрген науқастарға қаржы да аудара аласыз.