«Дәрігер Орынбаев» медицина орталығында балалар бөлімі ашылды

545
"Дәрігер Орынбаевтың" медицина орталығындағы бұл бөлім облыстағы күтушісімен бірге жатып емделетін алғашқы емхана

«Дәрігер Орынбаевтың» медициналық орталығында балалар бөлімі ашылды. Онда бүлдіршіндер арасында кездесетін барлық ауру түрлеріне ем-дом жасалады. Емдеу орнының ерекшелігі сол, мұнда 3 жастан жоғары науқастардың ата-анасымен бірге жатып емделуіне мүмкіндік бар. Заманауи үлгіде жабдықталған бөлімде жоғары санатты дәрігерлер қызмет көресетеді.

"Дәрігер Орынбаевтың" медицина орталығындағы бұл бөлім облыстағы күтушісімен бірге жатып емделетін алғашқы емхана

Жас ана бір жастан енді асқан Айаруға абайсызда туық тигізіп алыпты. Жергілікті дәрігерлер балаға бірқатар емдеу-шараларын нұсқап, үй жағдайында емделуді бұйырады. Алайда, үйдегі ем-домның оң нәтиже беруі неғайбыл. Жас ана бала беті бері қарағанша дәрігерлер қадалауында болуы қажет деп санайды.

Балалар бөлімі 7 орынға лайықталған. Мұнтаздай таза бұл бөлмелерде науқасқа да, оның күтушісіне де барлық жағдай жасалған. Сырқат балалар күндіз-түні жоғары білікті мамандардың қадағалауында. Жаңадан ашылған бөлімде әлеуметтік маңызы бар ауруларды айтпағанда балалар арасында кездесетін барлық дертке шипа табуға болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gFnPygtfGcY[/youtube]

Мұнда білікті балалар дәрігерлері заманауи талапқа сай емдеу шараларын ұсынады. Бөлімде, тіпті, арқау болар асқа да аса көңіл бөлінген. Науқастар тек дәрігер рұқсат берген мәзірмен ғана тамақтанады.

Бұл әзірге облыста 15 жасқа дейінгі балалардың күтушісімен бірге жатып емделуіне мүмкіндік беретін алғашқы емдеу орны. Дәрігерлер анасының қамқорлығын сезінген балаға жасалған ем-дом да тез нәтиже береді дейді.