Шымкент қаласының бюджеті толықты

275
қала қаражаты қомақты

Биыл қала бюджеті қомақты. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ішкі қаражат 25 пайызға ұлғайып отыр. Сала мамандары мұны Шымкентке қосылған жаңа елдімекендердің түсімімен байланыстырады.

қала қаражаты қомақты
қала қаражаты қомақты

Айта кетейік, бюждеттің басым бөлігі білім саласына бағытталып отыр. Атап айтқанда мектептерді жөндеу жұмыстары мен мұғалімдер жалақысына қомақты қаражат қаралған. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет саласына да бюджеттің басым бөлігі бағытталған. Мамандар жыл аяғына дейін бюджетті толық игеру үшін жоспардағы жұмыстарды толық тындырамыз деп отыр. Айта кетейік, былтыр қалада 300 миллион теңге игерусіз қалған болатын.