Шымкентте бахил шығарылады

297
түріктер бахиланы аяққа кигізетін құрылғы да ойластырады

Түркиялық инвесторлар Шымкентте бахил өндірісін қолға алмақ. Таяуда шетелдік қонақтар осынау өндірістегі тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның қыр-сырын талқылап алған тараптар бірлесіп жұмыс істеу үшін ортақ келісімге келді.

 

түріктер бахиланы аяққа кигізетін құрылғы да ойластырады
түріктер бахиланы аяққа кигізетін құрылғы да ойластырады

Бұл жоба іске асса фабрика ай сайын 4 миллион дана бахил шығаратын болады. Өндіріс орны 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Айта кетейік, түркиялық іскерлер бахил өндірумен ғана айналыспайды. Сондай-ақ, бахилланы аяққа кигізетін арнайы құрал шығару да ойластырылып отыр. Құны 6 миллион теңгеден асатын бұл жоба нақтыланса, фабрика ішкі сұранысты толығымен қамтимыз деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kT0V4zTZMPg[/youtube]

Айта кету керек, бұл өнімдерге Түркияда да сұраныс зор. Сондықтан шығарылатын өнімдердің белгілі бір бөлігі түркиялық тұтынушыларға да жөнелтілетін болады. Тараптар өндіріс қуатын арттырсақ, өзге де шет мемлекеттерге экспорт жасаймыз деп отыр.