Отбасы күнінде әкімдік мамандары жас жұбайларды құттықтады

1422
Ерғали мен Ақназ отбасы мерекесінде шаңырақ көтерді

Қазақстанда 8-қыркүйек — отбасы күні. Айтулы мерекеге орай Әл Фараби аудандық әкімдігі жас жұбайларды отау құруымен құттықтады. Неке сарайына жиналған топ кеш кейіпкерлеріне сый-тарту жасап, арнайы диплом табыстады. Әкімдік тарапы қол ұстасқан ғашықтарға ақ тілектерін жолдауды да ұмыт қалдырмады.

Осылайша ұжым «Неке сарайына» келген жас жұбайлардың әрбірін назардан тыс қалдырмады. Айта кетейік, соңғы 3 айдың ішінде бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 200-ге тарта жұп некесін қидырған.

Ерғали мен Ақназ отбасы мерекесінде шаңырақ көтерді
Ерғали мен Ақназ отбасы мерекесінде шаңырақ көтерді

Ерғали Бердібаев: «Мен бақыттымын! Бүгін шаңырақ көтердім және аяулы жарымның туған күні. Әл Фараби ауданының әкімдігі де құттықтап жатыр. Сыйларын берді. Мұндайды күтпеп едік. Рахмет! Біз үлгілі отбасылардың бірі боламыз деп ниеттеніп отырмыз. Алла қаласа, үбірлі-шүбірлі болып, көпшілік осындай отбасы болайық дейтіндей дәрежеге жетсек дейміз. Ең басытысы, бақытты болайық! Отбасын құрмаған жастарға айтарым, жанұя болып, ата-аналарыңызды қуантыңыздар!»

Жас жұбайларды құттықтау қағазы
Жас жұбайларды құттықтау қағазы

Ақмарал Жақсыбаева, Әл Фараби аудандық әкімдігінің бөлім басшысы: «Біз, Әл Фараби ауданының әкімдігі тұрғындардың, жалпы, жастардың тату-тәтті болып, ауызбіршілігі артқанын қалаймыз. Сондықтан бүгінгі марапаттау шарасымен шектелмейміз. Алдағы күндері жанұялардың бірлігін нығайту үшін «Үздік отбасы», «Үлгілі отбасы» деген сияқты байқауларды жиі өткізіп, жеңімпаздарды марапаттаймыз. Мұндағы мақсат — сол үлгілі жанұяларға қарап, жас отбасылар бой түзейді деген ой.»