Сайлау-2023: Жас жұбайлар жарқын болашақ үшін дауыс берді

42

Бүгін жас жұбайлар Бақыт пен Жанна Адырбектер №148 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Ұлттық нақышта киім киіп келген олар, бұл науқан еліміздің гүлденуіне өз септігін тигізер деген үмітте. Жаңа Қазақстанда өздері сынды жаңа шаңырақ құрған жандарға қолдау көбірек көрсетеді деп сенеді.

Бақыт Адырбеков, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қазақстанның егемендігіне алдағы уақыта өз үлесімізді тигізіп, өз дауысымызды беруге келдік. Біз жас отбасымыз бірінші рет бірке келіп беріп отырмыз. Біз ата-анамызбен бірге ақылдасып, бір шешімге келіп, осы №148 сайлау учаскесіне келіп, еркін өз таңдауымызды жасадық»

Ал Айдар мен Меруерт Шохановтардың отасқанына 10 жыл болған. Заңгерлер отбасы сайлауда белсенділік таныту өзіміздің балаларымыздың болашағына бей-жай қарамағанымыз дейді. Олар еліміздің жарқын болашағы үшін,өз таңдауын жасап қайтты.

Айдар Шоханов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Отбасымыз, еліміз үшін біздің дауысымыз маңызды. Жаңа Қазақстан- Жаңа мемлекет болып жатыр. Сондақтан отбасымызбен шешіп, келіншегім екеуміз еліміздің болашағы үшін, отбасымыздың болашағы үшін келіп өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік»