Шымкент қаласының аумағы жыл санап кеңейіп келеді. Тиісінше, кәріз құбырларынан қалалық тазарту алаңына ағатын қалдық судың көлемі де артады. «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС қалдық судан сүзілген қоқысты өңдеуді қолға алуда. Айта кету керек, тазарту алаңына 1 тәулікте 100 мың текше метр қалдық су ағып келеді.
Механикалық тазартқыш қондырғыларынан өткен қалдық су бассейнде тұндырылады. Мұнда 3 бассейн бар. Тағы бірі салынып жатыр. Тұндырылған су биологиялық тазарту қондырғыларында органикалық заттардан тазартылады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4_NdEmq6UfU[/youtube]
Назым Жүнісова, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС технологы: «Айротенк деген құрылғыда судың микроорганизмдері өсіріледі. Ол микроорганизмдер су құрамындағы ерітінді күйіндегі органикалық заттарды тазартуға көмектеседі.»
Бұдан кейін қалдық су 2-дәрежелі тұндырғыштарға құйылады. Органикалық заттардан тазартылған су өндірістік қалдық және таза су болып екіге бөлінеді. Ары қарай су «Бөржар» су қоймасына жіберіледі. Ал қалдық өңделеді.
Назым Жүнісова, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС технологы: «Суды тазартқан кезде өндірістік қалдықтар пайда болады. Осы қалдықтарды өңдейтін «Метантенг» деген құрылғылар бар. Ол жерде қалдықтардан арнайы процесс нәтижесінде газ бөлінеді. Ол газды газгольдерге жинап, өзіміздің өндірістік қажетілікке пайдаланамыз.»
Жаңғыртудан өтіп жатқан құрылғы толыққанды жұмысын бастаған соң онда тек таза су ғана емес, метан газы өндірілетін болады. Газдан электр қуаты алынады. Ал қалдықтар биотыңайтқыш заттарына айналады. Бұл өз кезегінде қалдықтың азаюына алып келеді. Жоба 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде.