Балаларға — базарлық. Төле би ауданында 140 бүлдіршінгеа лайықты балалақша пайдалануға берілді. Бөбектерге есігін айқара ашқан «Ұлы Төле би» жекеменшік балабақшасы ата-аналардың өтініші бойынша ұзартылған мерзімде, тіпті, демалыс күндері де жұмыс істейтін болады.
Бұл балабақшада мектепке дейінгі тәрбие алу үшін барлық жағдай жасалған. Меншік иелері балалақшаның ұзартылған жұмыс тәртібі, әсіресе, жұмысбасты отбасылардың көңілінен шығып отыр дейді.
Ал аудан басшылары өңірде балабақшаға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін айтады. Жыл аяғына дейін аудан көлеміндегі мектеп жасына дейінгі балалардың 70 пайызын балақшамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ол үшін келесі жылға дейін бірнеше балабақша салынып, пайдалануға берілмек.