Тағы да бір әкімшілік кедергі жойылды

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер жолындағы әкімшілік кедергіні жойды.

Жеке кәсіпкер А. Джамбулов ОҚО Кәсіпкерлер палатасына өз құқығын және заңды мүддесін қорғау үшін өтінішпен келді. Ол қалалық әкімшілікке жер учаскесінің мақсаттық жоспарының өзгерісі бойынша арыз тастады. Аталған жер учаскесі тұрғын үй, дүкен құрылысына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін берілген болатын.

ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жер учаскесі актісіне келісу кезінде келісімнен бас тартып және бұл әрекеттердің санитарлы-қорғау аймақты сақталмаған деп түсіндірді. Палата сарапшыларының сараптамасы байынша, жоғарыда айтылған нормаға сәйкес майды өндеу зауыттарының құрылысын жүргізу кезінде санитарлық қорғау аймағы 100 метрден кем болмау керегі белгіленді.

Бірақ, мақсаттың өзгеруіне байланысты май өңдеу зауыты емес, дүкен мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бекеттерінің құрылысы салынып жатқаны анықталды. Сондықтан ОҚО Кәсіпкерлер палатасы осы мәселе бойынша прокуратура көмегіне сүйенді. Прокуратура ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тексеріс жүргізді. Кәсіпкер субъектісіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде осы әкімшілік кедергі келтіргені және жіберілген қателіктің орын алғаны анықталды.

Жүргізілген тексерудің нәтижесі мен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының келтірген дәлелдері бойынша Абай ауданының прокуратурасы ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы келтірілген кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасалды.