Жас жерлесіміз Ресейден жүлделі оралды

371
Әлия Түгелбай

Жерлесіміз жеңіспен оралды. Шымкенттегі №19 мектептің оқушысы Әлия Түгелбай мультфильм әзірлеп, Ресейде өткен халықаралық байқауда «Табиғатты қорғау және сақтау» атты арнайы жүлдені жеңіп келді. Араға бірнеше күн салып оқушы Алматы қаласында Ш.Амановың 100 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылған республикалық балалар өнер фестивалінде 2-орынды иемденді. 12 жасар шәкірт байқауға экологиялық маңызға ие «Ақбөкен» мультихикаясын ұсынған.

Әлия Түгелбай
Әлия Түгелбай

Әлия Түгелбай, жеңімпаз: «Өте қуаныштымын. Мұндай жеңісті күткен жоқпын. Екі байқауда да «Ақбөкен» атты экологиялық мультфильмді ұсындым. Мультихикаяда адамдардың ақбөкендерді атып, оларды өлтіргені баяндалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін мен осы еңбекті жасап шықтым. Алдағы уақытта өзге де маңызға ие туындыларды жасайтын боламын. Менің арманым — болашақта талантты акртиса болу. Мультфильм саласын әрмен қарай дамытып, Қазақстанда да балалардың базарлығы бар екенін әлемге дәлелдеу.»

Жас аниматордың жүлделері
Жас аниматордың жүлделері

Гүлшаһар Өтебайқызы, Әлия Түгелбайдың анасы: «Мен балама сен мультфильм жаса деп, үйреткен емеспін. Өзінің қызығушылығы, өзінің ынтасының арқасында жетістікке жетіп отыр. Ал Ресейге жол жүрер алдын мен «Сен Қазақ елінің намысын қорғайсың, қобалжыма, уайымдама» деп, тапсырма бердім. Бірақ қарсыластарынан басым түсіп, өзгелерді шаң қаптыру қажет екенін де жәймен түсіндірдім. Менің қызым ақылды, айтқан ойымды ұқты. Әлия кішкентайынан сурет салып, оны бояп, әсемдегенді жақсы көрді. Есейе келе мультфильмдерге сценарий жазып, оны өзі жасап жүрді. Енді, міне, жемісін көріп отыр. Қызымның бұдан басқа да өнерлері бар, өлең жазады, ән салады. Болашақта елінің абыройын асқақтатар азаматша болады деген сенімім мол.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=87YKUBiTSM0[/youtube]

«Ақбөкен» балалар еңбегі 4 минутқа созылады. Бұған Әлия 6 ай уақытын сарп еткен. Мультихикая жасау үшін оқушы тек талант емес, шыдамдылық те үлкен рөл атқарады деп отыр. Бүгінге дейін талай байқауда топжарған шәкірт мультфильм әзілеуді балалар мен жасөсіпірмдер сарайындағы арнайы сабақтарға қатысып үйренген. Жетекшісі — Мақсұт Жәрімбетов. Айта кетейік, жуырда жеңімпаз оқушы Белоруссияда өтетін балалар байқауына жолдаманы жеңіп алды. Ендеше, жас талантқа сәттілік тілейміз!