Қаңғып жүрген «азаттық»

448

NED_logoҚазақстанда АҚШ-тың Ұлттық демократия қоры (NED) өз ісін жүргізе бастады. Ұйым көп елдерді тұрақсыздандыру мен мемлекетке бүлік салатын операцияларымен белгілі.

Американдықтардың өз демократияларын басқа елдерге таратқысы келетіні бұрыннан белгілі. Бірақ осыған байланысты екі сұрақ туындайды. Біріншісі: олардың «азаттығы» қандай жолмен тарап жатыр және азат болушы елдерге азаттықтың құны қандай? Екіншісі: шынымен қалыптасқан мемлекеттік құрылымды құлатудың мақсаты демократия ма?

Екінші сұрақтың жауабын табу қиын емес. АҚШ-тың демократиялық құндылықтардан басқа материалдық құндылықтарды көздейтінін тарих көрсетті. Мысалға, мемлекеттердің пайдалы қорлары, геополитикалық пайдасы, аймақтағы әскери немесе дипломатиялық басымдылық. Вашингтон Жердің кез келген нүктесінде өз саясатын жүргізуді ұлттық қауіпсіздік деп түсінеді.

Ал енді бірінші сұраққа жауап беріп көрейік. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлем мемлекеттеріне Орталық барлау басқармасы (ОББ) арқылы күш көрсетті. Ол мекемені 1947 жылы президент, өз кезінде Жапонияға атом бомбасын тастауға шешім қабылдаған Гарри Трумен жасады. Коммунизмді жаппай елдерге таратқан заманда АҚШ Мәскеудің қарамағына берілмеген елдерді өзіне қарата бастады. Және олар ешқандай аяусыз, ар-ұятқа қарамай қимылдады.

1981 жылы билікке келген Рональд Рейган агрессиялық операцияларды доғарып, өзге елдерге идеологиялық әсер ету жолын таңдады. 1983 жылы АҚШ Конгресі Ұлттық демократия қорын (NED) жасады, бұл коммерциялық ұйымға жатпайды және қаржыны американдық мемлекеттік қазынадан тікелей алады. Қордың алғашқы қаражаты 30 млн. доллар болса, 2002 жылы ол 43 млн. долларға өсті, ал 2004 жылы 80 млн долларға жетті.

Сонымен, NED немен айналысады? Бергі беті — зерттеу, бақылау. «Journal of Democracy» атты газет шығарады, журналистерге және қоғамдық белсенділерге АҚШ-та дайындыққа грант беріледі, демократия үшін әлемдегі ең айбынды күрескерлер марапатталады.
Бірақ NEDтің ең басты қызмет бағыты – жақтаспайтын елдердің ішіндегі оппозициялық саяси күштермен бірігіп жұмыс істеу. Басқаша айтсақ, ұйым революционерлерді дайындап, керек сәтте мемлекеттік төңкеріліске итермелейді. Сондықтан ұйым басшылығында ОББ –ның басқаруындағы американдық арнайы қызметтер тобының болуы түсінікті.

АҚШ үкіметі өзінің арнайы қызметтеріне құрбан-мемлекетті таңдап береді, сол мемлекетте «демократиялық революция» аталатын төңкеріліс ұйымдастырылады. Іске NED кіріседі. Ол мемлекет ішінен өзіне қолдаушы іздей бастайды, көбіне қаражаты тапшы қоғамдық ұйымдары көздейді. Оларға «демократияны дамытуға» қаржы беріледі.

NED өзіне қолдаушы тапқаннан кейін, оларды грант құрмауына түсіргеннен кейін, қоғамды бүліктіру ісін бастайды. Кей жерлерде адамдарға үкіметтің экономикалық саясатының қате екенін уағыздайды, тағы бір жерде жылдам демократиялық өзгерістер керек екеніне көндіреді және ол өзгерістердің қандай жолмен жасалатынына қарамайды. Ұлтаралық мәселеден де тайынбайды, себебі мемлекетті күлдіретудің бірден-бір жолы — этносаралық қақтығыс.

NED-тің соңғы жылдардағы ең басты жетістігі — «Араб көктемі». Онда мыңдаған адамдар өліп, 140 мыңға жуығы Европаға қашқан. Дәл осындай жағдайды американдық «демократияшылар» бұрынғы совет елдерінде де жасамақшы. Олар өз мақсаттарына Грузияда, Украинада және Қырғызстанда жетті. 2010 жылы NED ресейлік ұйымдарға 2,7 млн. доллар грант бөлді. Соның салдары — Болотная алаңы және көптеген үкіметке қарсы қозғалыстар.

Енді NED-тің Қазақстанды құрбан қылатыны анық. Себебі біздің жер асты байлығымыз мол және біз геополитикалық екі алыптың ортасында орналасқанбыз. Жұмыс басталып та кеткен. NED біздің елге 740 мың доллар бөлген, оны біздің елдегі жеті ұйым бөліп алған. Ар жағы не болатыны айтпай-ақ белгілі.