Қазанның соңында Оңтүстікте қар жаууы мүмкін

268
фото Ашық дереккөз

Хакімжан Розақұлов таңғы сағат 8-ден қас қарайғанға дейін егіс алқабында. Себебі ауаның салқындағанынан қожалықтағы көкөністер үсіп қалады деп алаңдап жүр. «Жуырда қар жауады» дегенді естіген шаруа қазір сары уайымға салынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AIRf4a5254U[/youtube]

Хакімжан Розақұлов, шаруа: «Әлі алқапта өнім көп, оны жинап үлгермей жатырмыз, сәбіз, қызылша, қияр бар. Ал қызанақты қазір көктей жинап жатырмыз. үйде оны қызарғанша ұстап, біраз уақыттан соң базарға апарып сатамыз. Қар жаумай, күн салқындамай, қарасса деп үміттенеміз енді.»

Синоптиктердің мәліметі шаруаларды қуанта қоймайды. Себебі, ауа райын болжаушылар Оңтүстік өңірінде жақын күндері қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласатынын мәлімдеп отыр.

Ольга Иконникова, синоптик-инженер: «Қазан айының соңғы күндері қар жауады деп күтілуде, ал бүгін-ертең облысымызда жаңбыр жауады, таулы аумақтарда қатты нөсер болады. Бұл күз мезгілінің жылы маусымы аяқталды деген сөз, енді аязды күндер басталады.»

шаруалар алқапты жинап үлгере алмай жатыр

Оңтүстікте аязды күндер қыркүйекте де байқалған. Қазанның алғашқы онкүндігінде де шығыстан соққан желдің жылдамдығы артқан болатын. Енді мұның соңы жауын-шашынға ұласпақ. Мамандардың сөзіне сенсек, қазанның 28-не жауған жаңбырдың соңы қарға айналуы әбден мүмкін.