Ардагерлер: «Жастарды теріс ағымдардан қорғау қажет»

359

Жастар арасында теріс ағымдар мен лаңкестік ұйымдардың ықпалын азайту керек! Оңтүстіктегі ауған соғысы ардагерлері осылай дейді. Таяуда ардагерлер одағының мүшелері өңіріміздегі көптеген жоғарғы оқу орындары мен мектептерді аралап, жастармен әңгіме құрды, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

100_0068

Сондай кездесулердің бірі — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне өтті. Бұл жиынға ардагерлермен бірге облыстық ішкі саясат басқармасындағы «Әлеуметтік бастамалар орталығының» директоры Тұрсынбай Нұржан, «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қамбарбеков Жандос, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Көбеев Әділжан және тағы басқа ел ағалары, оқу орнының мұғалімдері қатысты.

100_0066

Ауған соғысының ардагерлері мен жауапты мамандар Ислам дінінің тек тыныштық пен берекеге үндейтінін жастарға жеткізді. Бас қосуда қазіргі заманда қарыштап дамыған интернет арқылы сананы улайтын түрлі ағымдар мен пиғылдардың кең тарап жатқаны сөз болды. Аға-әпкелері жастарға біздің қоғамға жат осындай ұйымдар мен әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

100_0069

100_0072