«Ата-аналар комитеті қажет пе?» атты дөңгелек үстелге атсалысыңыз!

693

Қымбатты ата-ана, ұстаздар қауымы! «Отырар» телеарнасында 5-қараша күні сағат 16:00-де дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы — «Ата-аналар комитеті  қажет пе?». Мақсаты:  мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы сапалы білім, саналы тәрбие беруге қаншалықты ықпалын тигізіп жатыр? Ата-аналарк омиетінің  рөлі қандай? Ата-аналар комитетінің жиналыстары тек мектепке қажетті қаржыны жинау үшін ғана ұйымдастырыла ма? деген сауалдарға жауап іздеу.

Дөңгелек үстелге педагогтар мен ата-аналар комитетінің мүшелері, білім бөлімінің мамандары, мектеп директорлары қатысады. Егер сіздің де айтар ойыңыз, қосар пікіріңіз, қояр сауалыңыз болса, хабарласыңыз! Ортақ қоғамның мәселесін бірге шешейік!

Көкейтесті сауалдарды сайтқа пікір ретінде жазуға, 21-19-18, 21-12-27 телефондары бойынша немесе «Отырар» телеарнасының редакциясына келіп, қоюға мүмкіндігіңіз бар.