Қазан айының тоғызыншы жұлдызы – Дүниежүзілік пошта күні. Осыған орай әлемнің 189 мемлекетінде халықаралық хат апталығы өткізіледі. Біздің облыста да бұл даталы күн өз дәрежесінде атап өтілді. «Қазпоштаның» Шымкенттегі филиалы басылымдар үшін арнайы жазылу күнін ұйымдастырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PGZ3pGbNOLs[/youtube]

Тәңсәріден бастап орталық «Қазпошта» ғимаратының алдына жиналғандардың қарасы көп болды. Келушілердің басым көпшілігі егде жастағы жандар. Барлығы да сүйікті газеттері – «Оңтүстік Рабат», «Рабатқа» жазылу үшін арнайы келгендерін жасырмады.

Газетке жазылушылар көп болды
Газетке жазылушылар көп болды
"Оңтүстік Рабат" газетіне жазылған алғашқы зейнеткерлер
«Оңтүстік Рабат» газетіне алғашқы болып жазылған зейнеткерлер

_MG_8363

«Оңтүстік Рабат» газетіне алғашқы болып жазылғандардың қатарында тұрақты оқырманымыз Қабыл Дүйсенбі де болды.

Тұрақты оқырманымыз "Оңтүстік Рабат", "Рабат" газеттеріне жазылды

Газет ұжымы болса сүйікті басылымдарына жазылған әрбір оқырманын сыйлықсыз қалдырмады. Барлығына дерлік арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Демеушілердің арнайы сыйлықтары

Бұл күні құр алақан қайтқан жан болған жоқ

Оқырмандардың кейбірі редакция ұжымына алғыстарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.

Оқырманның лебізі әрқашан да қымбат
Оқырманның лебізі әрқашан да қымбат