Жылуы жырға айналған Кентау қаласы биылғы жылу беру маусымына дайын. Мұны шаһар басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев мәлімдеді. «Кентаусервис» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бұрынғы №5 жылу-энерго орталығындағы жылу жүйесіндегі тозығы жеткен жабдықтарды алмастыруға облыс бюджетінен қаржы қарастырылыпты.
Қала әкімдігі қолға алған оңды істердің бірі ескірген магистралды құбырлардың орнына жаңалары жер астымен емес, үстімен жүргізіледі. Енді ақаулар орын алса, дер кезінде жөндеуге мүмкіндік туады дейді мамандар. Бұған қоса жолды қазудың да қажеті жоқ.
[youtube]http://youtu.be/BXfl4sPH_Bs[/youtube]