Қала тұрғындары үшін, қала аумағына енген жаңа аудандар үшін жағымды жаңалық! Шымкенттің аумағын 117 мың гектарға ұлғайтқан үш ауданның 40-қа жуық елдімекені енді қыста қалың қармен жол салып қиналмайды.
Қардан тазарту шаралары үшін «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көше тазалайтын жаңа техникалармен толығып, мәре-сөре күйге енді.
Мамандар жаңа техникаларды тізіп, Әл Фараби алаңына жинады. Тазалыққа жауапты мекеме 2007 жылдан бері ешқандай техникамен жабдықталмаған еді. Енді мекемеде 20-ға жуық су жаңа қоқыс таситын Камаздар мен арнайы көліктерге қарық болып қалды.
[youtube]http://youtu.be/6T2-qwChPLQ[/youtube]