Қасиетті жұмада Шымкенттегі орталық мешітке жиылған жамағаттың қарасы қалың. Мұнда бүгін Қазақстан Республикасы діни басқармасының найб-имамы Серікбай қажы Ораз да бар. Қажы өңірімізге басқарманың өкіл имамы мен Шымкент медресесінің бас директоры қызметіне республикамыздың бас мүфтиі бұйрығымен тағайындалған Ахметжан Керімбековты таныстырғалы келген. Жамбыл облысындағы Хибратулла Тарази мен Әулие ата мешітінде жұмыс істеген Керімбеков мырза, естеріңізде болса, бұған дейін де осы қызметті атқарған болатын.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=utU6gD5FDDA[/youtube]
Серікбай қажы Ораз, Қазақстан республикасы діни басқармасының найб-имамы: «Мен бұл екі азамат та өте тәжірбиелі деп ойлаймын. Оны өздерінің ісімен дәлелдеген. Соның ішінде осы Оңтүстік өңірінде діни ахуалды одан әрі қарай жақсартып және біздің дәстүрлі дінімізді насихаттау жолында тағы бір кезең жасалынады деген үміттемін.»
Ал осыған дейін діни басқарманың Оңтүстіктегі өкіл имамы қызметін абыроймен атқарған Бейбіт Әліпбекұлына еліміздің бас мүфтиі мен облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табысталып, иығына шапан жабылды. Ендігі жерде ол Қазақстан Республикасы діни басқарма сы республикалық бірлестігі ішінен жақында ғана құрылған халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі болмақ.
Бейбіт Мырзагелдиев: «Халал такси деген бола ма? Хала су деген бола ма? Бұл не? Судың өзі халал нәрсе емес пе деген секілді қазіргі кезде иісі мұсылманның арасында түсініспеушіліктер көп. Сондықтан осыны бір жүйеге келтіру керек. Не нәрсеге біз халал сертификатын ұсынамыз? Қандай өнімдерге? Осылардың ара-жігін анықтап, азалдан Алла тағалам халал қылып қойған нәрселердің ара-жігін анықтап, халыққа жеткізетін боламыз.»
Керімбековті бұл жұмысына қайта оралуымен құттықтаған жамағат, расында да, «Халал» ұғымы қоғамда кезек күттірмейтін мәселеге айналып келеді, сондықтан Бейбіт Мырзагелдиевке жаңа қызметте сәттілік тілейміз» деп тарасты.