«Оңтүстік Рабаттың» бас редакторы министрдің алғыс хатын алды

373

Оңтүстікке ҚР IIM-нің ақпараттық-насихат тобы табан тіреді. Басты мақсат — қазақстандық патриотизмді насихаттап, полицейлердің имиджін арттыру. Бүгін бір емес, бірнеше іс-шара өткізген министрлік өкілдері еңбегі еленген полиция қызметкерлері мен олардың имиджін көтеруде аянбай атсалысып жүрген тілшілерді де марапаттады.

Таңсәріден «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жиналған ішкі істер министрлігінің өкілдері ұлт көшбасшысы — Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: «Бip мақсат, бip мүдде, бip болашақ» атты жыл сайынғы Жолдауы аясында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. «Жас Отан — жастар қанаты» ұйымының жауапты хатшысы да сөз алып, тәртіп сақшыларының рөліне тоқталды. Жиын барысында жас мамандардың жайы да сөз болып, шенділерге жүктелген міндеттің салмағы ауыр екені тағы да түсіндірілді.

Болат Каженов, Ішкі істер министрлігінің басқарма басшысы: «Полиция қызметкерлерінің имиджін қалыптастыру бір бөлек, оны биікте ұстап тұру — екінші мәселе. Елбасымыз айтқандай мәңгілік елді қалыптастыруда біздердің де атқарар рөліміз орасан. Полиция қызметкерлері аянбай еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті күзетуде жауапты. Жас мамандарға да қойылып отырған талап жоғары».

vlcsnap-2014-10-06-19h04m02s3

Түстен кейін «Конгресс орталығында» ақпараттық-насихат топ ішкі icтep құрылымдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлерімен кездесті. Мұнда еңбегі еленген шенділер марапатталды.

Нұржан Шойынбаевтың жесірі
Нұржан Шойынбаевтың жесірі

 

Сондай-ақ, қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің туыстарына да құрмет көрсетілді. Сайлаугүл Шойынбаеваның жұбайы 1991 жылы қылмыскерлердің қолында қаза тапқан. 25 жасында жан тапсырған тәртіп сақшысы Нұржан Шойынбаевтың отбасына алғыс айтылды. Қаһарманның жұбайы ерінің ерлігін ұмыт қалдырмаған ішкі істер департаментінің басшыларына дән риза.

Кездесу соңында ішкі icтep органдарының имиджін көтеруге қолғабыс тигізген мемлекеттік мекемелер мен қоғамдьқ ұйым басшыларын және бірқатар журналистерде марапатталды. «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жамиля Мамырәлі де ішкі істер министрлігінің марапатына ие болды. Ресми шарадан соң Алматы қалалық ІІД-нің ансамблі өз бағдарламаларын ұсынды.