Бүгін Шымкентке Қытай Халық републикасынан бір топ делагат келді. Бауджи қалалық үкіметінің бас хатшысы бастаған қонақтар екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты дамытуды көздейді.
Делегаттар өңірдің өндірістік ахуалымен танысып, әріптестік байланыс орнатудың қос тарапқа тиімді жолдарын қарастырды. Алдымен Шымкент пен Бауджидің өндірістік қуаттылығын ортаға салған іскер топ ортақ жобаларды қай салалаларда қолға алу қажеттігі турасында ақылдасты. Ал жергілікті кәсіпкерлер қытайлықтармен туризм және машина жасау бағытында әріптестік байланыс жасауды ойластырып отыр.