Қайнарбұлақтың тар көшесі батпаққа айналған

495

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайындағы Спартак және Құрылысшы көшелерінің сиқы — адам көргісіз. Мұнда ешқандай да құбыр жарылған жоқ. Тұрғындардың өз қалтасынан қаражат шығарып жасаған жолын су құбырын тартқан мердігер компанияның жұмысшылары бір-ақ күнде тас-талқан еткен. Содан кейін жолды қалпына келтірмей, тастап кетіпті. Соның салдарынан жауын-шашында қара батпақтан халық түгілі көліктің өзі жүре алмай қалады.

007

Күн суытса Қайнарбұлақ тұрғындары амалсыз тізесіне дейін су кешіп, батпақтың астында қалады. Халық кезінде бұл көшенің тасын өз ақшамызға төседік дейді.

Ардак Жолдасова: «Мектепке барған балаларымыз көшеден малмандай су болып келеді. Не үйден далаға, не даладан үйге қарай жүру мүмкін емес. Жолдың барлығы батпақ.»

[youtube]http://youtu.be/oQciGlsWNoI[/youtube]

Бұл көшемен адам түгілі көліктің өзі әзер өтеді. Сондықтан болар, мұнда шақырылған жәдел жәрдем, өрт сөндіру қызметіннің көліктері келмейді. Ең қауіптісі де осы. Бұл проблемадан билік өкілдері хабардармыз дейді.

[youtube]http://youtu.be/T481uGlKw2c[/youtube]

Қайнарбұлақ саяжайындағы көшені жөндеу жұмыстары бойынша арнайы штаб та құрылған. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, ауа райы жылы болса, жөндеу жұмыстары жақын арада басталып, бірер күннің ішінде аяқталмақ.