«Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолы азаматтар заңсыздыққа жол берген ішкі істер қызметкерлеріне шағымдана келіпті. Азаматтандың бірі құқық қорғау қызметкерлері қызметін асыра пайдаланып отыр дегенді алға тартса, енді бірі сала мамандарының немқұрайлығына наразы.
Бірде-бір құжаты не тұрақты мекені жоқ азамат бойжеткенді бір шаңырақ астында тұруға көндіру үшін көкала қойдай етіп сабап тастаған. Мұндай жағдайды талай рет бастан кешірген жәбірленуші құзырлы органдарға сан рет шағымданданған. Алайда, бұзақыға әлі күнге ешқандай шара көрілмей отыр екен.
Құқық қорғау органдарының немқұрайлығы Әл Фараби ауданының тұрғыны Ұлбосын Мелдебаеваны әбден мезі еткен сыңайлы. Сөзіне қарағанда, осыдан 10 жыл бұрын кәсіпкерлікке алынған жері дауға түскен. Тергеушілердің жайбасарлығынан кейуананың арызы аяқасты қалыптын.
Қабылдауда кілең тәртіп сақшыларына кінә арта келген тұрғындар тыңдалды. Ал партия өкілдері өздеріне үміт арта келген азаматтардың арызы бойынша тиісті шаралар көрілетініне уәде етті.