Осы аптада еліміздің барлық мобильді операторлары тіркелмеген нөмірлер бойынша байланыс қызметтерін тоқтатады. Үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі осындай талап қойып отыр. Егер сіздің абоненттік нөміріңіз тіркелмесе немесе деректеріңіз тіркеу сәтінен бастап өзгерсе, қызмет көрсету орындарына хабарласуыңыз қажет.
Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Құлымбетова бүгін «Кселл» қызмет көрсету орталығына келді. 1-желтоқсаннан бастап тіркелмеген нөмірлердің байланыс аясынан шығарылатынын естіген ол өз абоненттік нөмірін арнайы тіркетіп алмақ.
Нөмірлер тегін тіркеледі. Егер абоненттік нөміріңізді 30-қарашаға дейін тіреуден өткізсеңіз, компания есебінен 60 минутты сыйға аласыз. Ол үшін қызмет көрсету орталығына жеке куәлігіңіздің түпқнұсқасын алып келсеңіз, жеткілікті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fu52ux7rsUY[/youtube]
Кселл және Актив абоненттеріне еліміздегі 20 Ксел орталығы және 288 диллерлік нүкте қызмет көрсетеді. Ал нөміріңіздің тіркелгенін www.activ.kz және www.kcell.kz сайттарындағы жеке кабинеттерде тексере аласыз. Сондай-ақ, қызмет көрсету орталықтарына 9090 немесе 3030 нөміріне хабарласып, көкейіңіздегі сауалдардыңызға жауап ала аласыз.
Абоненттерді жеке тіркеу бүгінде Европа, Америка, Қытай елдерінде қалыпты жағдай. Ешқандай дамыған мемлекетте сим-карталар өз атыңызға ресми тіркелмейінше пайдалануға берілмейді. Бұл орайда мемлекеттік қауіпсіздік мәселелері ескеріліп отыр.