Шымкентте мыңнан астам «резеңке пәтер» анықталды

37
фото Шымкент ПД

Олардың әрқайсысында 20-дан астам адам тіркелген болып шықты. Көші-қон қызметінің инспекторлары 28991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйлерді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і өз тіркелген мекенжайында тұрады.

Бүгінгі таңда 10005 жалған тұрғын бөтеннін үйінен тіркеуден шығарылды.
Рейдтер барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.