Зорланған қыздың туыстары қылмыскер бостандықта жүр деп ашынады

524

Түркістанда жантүршігерлік қылмыс орын алды. Мұнда 6 жасар қызды зорлау оқиғасы тіркелгенімен, қылмыстық іс соңына дейін зерделенбеген. Осылай мәлімдеген бүлдіршіннің туыстары ішкі істер министрлігінің блогына арызданып, көмек сұраған.

003Блоктағы жазу бойынша 6 жасар қызды 23-қыркүйек күні мектептен қайтар жолда егде адам ұстап алып, зорлаған. Алайда осы қылмысты іске қатысы бар деп ұсталєан 50 жастағы адам уақытша ұстау изоляторынан босатып жіберіліпті. Ол бүгінгі таңда бостандықта жүр деп жазады қыздың ашынған жақындары.

Ал облыстық прокуратура бұл оқиғаға байланысты тағы да тергеу жұмыстарының басталғанын жеткізді. 1-қарашадан бастап күдікті азамат қамауға алынды дейді олар.

 

 

[youtube]http://youtu.be/WLID1VapunE[/youtube]