Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы

1721

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Абай Бекназарұлы Балажан «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директоры – бас редакторы болып тағайындалды. Абай Балажанға бұл газеттің жұмысы таңсық емес.

001Ол 1984-2013 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, аға корректор, аудармашы, тілші, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылғы қазан айынан «Skifnews.kz» онлайн-газетінің бас редакторы болып еңбек етіп келген.