Ауладан биік жол

528

Шымкентте 30 миллион теңге бөлініп, салынған жол жергілікті тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. Қаладағы Сәкен Сейфулин атындағы көшенің тұрғындары жауын-шашында су астында қаламыз ба деп қорқады.

002

Оның себебі — ұзындыєы 600 метрлік жол ескі деңгейінен жарты метрге биікке көтеріліп салынған. Тұрғындар соның нәтижесінде ағын су қашыртқы арыққа емес, тура ауламызға кіреді деп отыр.

Ал осы жолды жасауға тапсырыс берген тиісті мамандар құрылыс барлық талаптарға сай жасалды дейді. Олар жоба мемлекетік сараптамадан өткенін айтады.

[youtube]https://youtu.be/TKKzlM5wfgM[/youtube]