"Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйі өртке қарсы толық жабдықталған жалғыз ғимарат

Төтенше жағдайлар департаменті «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Бұл қонақ үй заманауи дабыл қаққыш және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған алғашқы ғимарат. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер қонақ үйдің қызметшілерімен бірлесіп, арнайы іс-қимыл әрекет пен барлық өртке қарсы жүйелерін тексерді. Бұл шараға өрт сөндіру бригадаларымен қатар жедел жәрдем дәрігерлері және құтқарушылар қатысты. Барлығы 14 бірлік техника қолданылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JCjzqzaVOoI[/youtube]

"Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйі өртке қарсы толық жабдықталған жалғыз ғимарат