Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орын алған ірі жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті. 19-қараша күні сағат 14:20-да Самара-Шымкент тасжолының 147-шақырымында «Мерседес-бенц Виано» автобусы мен «Тойота Пикник» автокөлігі соғысты.
Тәртіп сақшылары Шымкент қаласына бет алған «Мерседес-бенц» автобусының рөлінде Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны болғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, осы азамат жол ережесін бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.
Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы, «Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» фактісіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.