Шымкент педагогикалық институтының проректоры Жеңісбек Қанатбекұлы тұтқындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Тұтқындау санкциясы екі айға берілді.
Жеңісбек Қанатұлы ҚР ҚК 177-бабы, 4-бөлігі, яғни, аса ірі алаяқтық жасаған деп айыпталып отыр. Іс материалдары бойынша проректор 2012 жылы кәсіпкерге институтта жөндеу жұмыстарын жүргізуде тендерде жеңіске жету үшін өз көмегін ұсынып, оны 11 млн. теңгеге бағалаған, Алайда ол «уәдесін» орындамаған, ақшасын да қайтармаған.
[youtube]http://youtu.be/gqJzpmMq3io[/youtube]