Шымкентте ардагерлер байқауы өтті

530

Шымкентте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер мен ардагерлер ұйымының шығармашылық ұжымдарының «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық байқауы өтуде. Аталмыш шараның мақсаты -ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру. Ардагерлердің асыл қасиеттерін, үлгі-өнегесі мен тәлім-тағылымын жастардың бойына сіңіру. Өнерлі ардагерлердің шығармашылығын насихаттау және қолдау көрсету. Бұған қоса Ұлы Отан соғысы мен тылда еңбек еткен ардагерлердің патриоттық ерліктерін көркемөнер құралдарымен насихаттау маңызды.

007

Облысымыздың барлық аудан, қалаларынан 130-дан аса үміткерлер қатысқан бұл байқау екі күнге жалғасады. Олар ән, би жанры, музыкалық аспапта орындау, қылқалам өнері, қолөнер шеберлері бойынша және аспаздық шығармашылық пен айтыскер ақындар мен жазба ақындар жанры бойынша бақ сынасады.

Алдымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда байқаудың салтанатты ашылуы өтті.

«Ардагерлер мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттықтың, iске деген адалдықтың, шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi» деді ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R_EAf-w-aUQ[/youtube]

Бірінші күнгі сайыста қатысушылар ән мен аспаздық шығармашылық жанры бойынша бақ сынасты. Түс қайта облыстық опера және балет театрында байқаудың ашылуы және байқаудың музыкалық аспапта орындау, би, қылқалам, қолөнер жанры бойынша сайыстар өтті.

Ал бүгін облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында байқаудың айтыс, мүшәйра жанрлары бойынша сайыстары өтуде. Фестиваль-байқауға қатысқан үміткерлер арнайы жүлделермен марапатталатын болады.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі