Шымкентте полиция күштерінің гарнизондық таратуы өткізілді

21
фото ШПД

Республикалық референдум өткізу кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына арналған нұсқаулықты қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков жүргізді.

Полиция полковнигі жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім мен құрал-жабдықтардың сәйкестігін және қызметтік құжаттарын жеке тексеріп шықты.
Полицейлерге қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі, құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген жауапкершілік туралы еске салды.
Айта кетейік, қала аумағындағы барлық сайлау учаскелерінде тәуліктік кезекшілікке 700 полиция қызметкері түседі. Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылған.