Созақта кәсіпкерлік нысандары көбейді

287

Облыс бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің Созақ ауданындағы үлесі 30 пайызды құрайды. Бұл туралы аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Созақ ауданының өнеркәсіп саласы бойынша биылғы тоғыз айда өндірген тауарының көлемі 141 млрд. 560 млн. теңгені құрап отыр.

006

Бұл — 2013 жылмен салыстырғанда 107,5 пайызға артық көрсеткіш. Оның ішінде өндіріс саласы бойынша 135 млрд. 314 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда 108,6 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 6 млрд. 246 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 25 млрд. 4 млн. теңгені құрайды. Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны 2685-ге жетіп отыр. Жыл басынан бері жаңа 169 кәсіпкерлік нысаны ашылып, 160 адам жұмыспен қамтылды.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппараты әкімінің баспасөз қызметі