Халық қалаулылары заңсыз құрылысты тексеруге шындап кірісті

244

Қала аумағында «қызыл сызықтан» асып, заңсыз құрылыс салғандардың құжаттары егжей-тегжей тексерілуі тиіс. Бүгін өткен қала құрылысы кеңесінде қалалық мәслихаттың депутаттары құзырлы мекеме мамандарына осылай дейді. Басынғаны соншалық, кейбір пысықайлар соңғы кезде заңға пысқырып да қарамайтын болған.

004

Тәуке хан және Қонаев даңғылдарының қилысында орналасқан «Эфес» кафесінің қожайыны 184 шаршы метр жерді бірнеше жылдан бері заңсыз пайдаланып келеді. Ол туралы талай мәрте айтылған, тіпті, заңсыз дүңгіршекті жабу туралы соттың да шешімі шығыпты. Бірақ оны орындайын деген сот орындаушылары да, қадағалайтын құзырлы органдардың да қарасы көрінбейді. Осы факті депутаттардың ашуын туғызып отыр.

[youtube]http://youtu.be/E0bILB55iGg[/youtube]

Жеті депутаттан құралған жұмысшы тобының мәлімдеуінше, Шымкентте тап осындай келеңсіздіктер өте көп. Сорақысы сол, кейбір кәсіпкерлер, тіпті, көпшіліктің пайдалану орындарына дейін қол сұққан. Түрлі жолдармен жекешелендірілген жерлерге рұқсатсыз қабат-қабат құрылыс салған.

[youtube]http://youtu.be/ynac9xT20AU[/youtube]

Кәсіпкерлікті тексеруге жасалған мораторий мен мүлікке жарияланған рақымшылдық заңсыздықты үдете түскендей. Бәйдібек би даңғылының бойындағы балалар теміржолымен болашақта жүріп-тұруға мүлдем болмайды. Себебі, рельстің түбі қазылып, ауыр салмаққа шыдамай, құлауы әбден мүмкін дейді депутаттар. 2006-2007 жылдары осындағы жер телімдерінің қалай жекеге берілгені тексерілмек.

[youtube]http://youtu.be/ouOVjzFcrvw[/youtube]

Жиын барысында депутаттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тұрғын үй салу үшін заңсыз бөліну себептерін де сөз етті. Қаламыздың болашағын ойлаған халық қалаулылары бұл тек бастамасы ғана, алда заңсыздықпен күрес қатаң болатынын ескертті.