Жастар тәжірибесі арқылы екі мыңға жуық жас жұмыс тапты

333
тәжірибеден өткен сосінен соң жұмысқа қабылданды

Жыл басынан бері Шымкентте екі мыңға жуық жас маман жастар тәжірибесі арқылы екі қолқа бір күрек тапқан. Мемлекеттік бағдарлама арқылы тәжірибеден өткен жас мамандардың 70 пайызы жыл сайын тұрақты жұмыспен қамтылады.

 тәжірибеден өткен сосінен соң жұмысқа қабылданды

Өкінішке қарай, жолдама алған жастардың 30 пайызы жолданған орында тұрақтай алмай, өзге жұмыс іздеуге кіріседі. Сала мамандары мұны жастардың біліксіздігімен байланыстырып отыр.

Гүлсана Мамырханова Шымкенттегі № 6 емханада тіркеуші болып жұмыс істеуде. Медбика мамандығын алған ол емханаға жастар тәжірибесі бойынша жолданған. 6 айлық мерзімде біліктілігін көрсеткен жас маманды емхана басшылығы аттай қалап, жұмысқа қабылдап отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=51iPEmF_daA[/youtube]

Айта кетейік, бүгінде техникалық мамандықтарға да сұраныс зор. Өңірде құрылыс қарқын алғалы жұмыс берушілер құрылысшы мамандықтары бойынша бір күрек ұсынуға әзір.