Шымкенттегі жаңа «Қаратау» шағынауданында 167 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлім етті. Ресми ақпараттарға сүйенсек, тұрғын үйлердің жалпы аумағы 740 мың шаршы метрді құрайды.
Бұл үйлердің құрылысына республикалық қазынадан − 16 миллиард теңге, облыстық бюджеттен − 26 миллиард теңге, ал жеке инвестициялардан 33 миллиард теңге қаралған. Биыл 12 үй, келесі жылы — 49, 2016 жылы — 55, ал 2017 жылы 51 үй пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.