Бүгін – энергетика саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай оңтүстікқазақстандық энергетик мамандарға құрмет көрсетілді. Жарықты жарқыратып, жылуды үзбей беріп отырған энергетиктерді облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов құттықтады.

002

Айта кету керек, Оңтүстік – өзін-өзі қуаттандыруда өзгеге үлгі болып жүрген өңір. Электр қуатын үнемдеп, оны дамытуда жел энергия көзін дамытуда да қолға алған. Сондай-ақ, Шардара, Сарыағаш өңірлерінде электр су стансалары да бар. Бүгін осы салада қажырлы еңбек етіп, уақытпен санаспай жүрген үздік қызметкерлер марапатталды. Солардың арасында Шардара электр желісінің диспетчері де бар.