Бүгін — энергетика саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай оңтүстікқазақстандық энергетик мамандарға құрмет көрсетілді. Жарықты жарқыратып, жылуды үзбей беріп отырған энергетиктерді облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов құттықтады.
Айта кету керек, Оңтүстік — өзін-өзі қуаттандыруда өзгеге үлгі болып жүрген өңір. Электр қуатын үнемдеп, оны дамытуда жел энергия көзін дамытуда да қолға алған. Сондай-ақ, Шардара, Сарыағаш өңірлерінде электр су стансалары да бар. Бүгін осы салада қажырлы еңбек етіп, уақытпен санаспай жүрген үздік қызметкерлер марапатталды. Солардың арасында Шардара электр желісінің диспетчері де бар.