Өңірдегі балық шаруашылығына мемлекет көмек көрсетпек. Дәл осы мәселе бойынша сала мамандары мен билік өкілдері облыс әкімдігінде бас қосты. Жиында балық шаруашылығын дамытудағы басты кедергілер да талқыланды.
Балық өсірумен айналысатын шаруаларға билік өкілдері жаңа тәсіл ұсынуда. Көл ортасына ау орнатып, балық өсіріледі. Бадам, Көксарай және Шардара су қоймасындағы 5 метр тереңдік жетеді. Шаруалар бағдарлама жүзеге асса, балық өсіру саласының тамырына қан жүгіреріне сенімді.
Жандар Омаров, «Максимум» мекемесінің директоры: «Бөлінетін несиелер қаржы лизингі бойынша 8 пайыздан, несие бойынша 7 пайыз болады.»
Мамандар кәсіптің бұл түрі тиімді екеніне сенімді. Қаржы 2-3 жылда ақталады деп күтілуде. Бұл жоба 2016 жылдан бастап қолданысқа енбек. Балық шаруашылығынаң мамандары балық өндірісі тұралап қалғанын айтады.
Юрий Вишневский, балық өсіру маманы: «Мемлекет балық шаруашылығына көңіл аудармаса, оны кейін қайта көтеру қиынға соғады. Қазір шұлық пен балық асырайтын құрылғының материалына несие беріледі. Егер шұлық болмаса онда тірлік құрдымға кетеді. Ал оны өндіретін мамандар жоқ.»
Жиынға келгендер шаруашылықтың бұл түрін дамытуға барлық жағдайдың барын атап өтті. Өңірде балыққа деген қажеттілікпен қамтып, шетелдерге де экспорттауға мүмкіндік бар. Бұл үшін су қойнаулары жеткілікті. Өңірде 2016 жылға дейінгі әзірленген 2 жылдық бағдарлама аясында 27 қожалық ашылу көзделген. Жоспарды орындау үшін 400 миллион теңге қаралыпты.