Абай ауданында зейнетақы төлеудің жаңа орталығы ашылды

362

Бүгін Шымкентте зейнетақы төлеу орталығының Абай ауданы бойынша жаңа операция залы пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратта 20 шақты әлеуметтік сала қызметкері жұмыс істейді. Мұнда жергілікті тұрғындарға 40 шақты әлеуметтік қызмет түрі көрсетілетін болады.

000

Сала мамандарының мәліметіне қарағанда, аудан бойынша 80 мыңнан астам әлеуметтік төлем операциясы жүргізіледі. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға енді заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа ғимаратта қызмет көрсетілетін болады. Мұнда, тіпті, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай қаралып отыр.

Сондай-ақ, операция залында клиенттердің әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалауына арнайған қондырғылар да орнатылған. Автоматтандырылған жүйе арқылы мамандардың қызмет көрсету деңгейі бақыланып отырады. Айта кетейік, жуырда дәл осындай орталықтар қаланың өзге де аудандарынан ашылатын болады.Әлеуметтік қызметкерлері осылайша саладағы қызмет көрсету сапасы жаңа сатыға көтереміз деп отыр.