Дәрігер Тілеулес Батырхановқа ескерткіш тақта ашылды

829

30 жылдан астам уақыт медицина саласында еңбек етіп, талай жанның өміріне араша болған алтын қол дәрігерге Тілеулес Тіленұлы Батырхановқа арналып, ескерткіш тақта ашылды. Шымкент қалалық балалар ауруханасының жанына жиналғандар марқұмның ел үшін атқарған еңбегін айтып, еске алды.

004

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымдарыныѕ кандидаты, жоғарғы санатты хирург-травматолог алғаш рет медициналық көмек көрсетудің және еңбекақы төлеудің жаңа түрлерін, күндізгі стационар сынды тәсілдерді енгізген. Көрсетілген құрметке куә болуға арнайы Алматыдан дәрігердің әріптестері мен достары да келді.

[youtube]http://youtu.be/CCiCHf6wum4[/youtube]

Тілеулес Тіленұлы Батырханов 1973 пен 2006 жылдар аралығында өңірдің денсаулық сақтау саласында беделді қызмет атқарды. 1998 жылы облыс және қала тұрғындарына емдеу-алдын алу бойынша көмек көрсету, ұйымдастыру жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Бұған қоса «Құрмет» орденіне ұсынылды. Ал ескерткіш тақта ашылған күні Тілеулес Тіленұлына «Ұлттық медициналық қауымдастығы» республикалық дәрігерлер одағы атынан «Алтын дәрігер» атағы беріліп, төсбелгі марқұмның ұлына табысталды.