Бүгін таңертең 18-шағынаудандағы аялдамадан белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Жерде қимылсыз жатқан азаматша туралы полицейлерге сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғаушылар әйелдің қайтыс болғанын анықтады. Кейін белгілі болғаны — марқұм осы шағынауданның тұрғыны болып шықты. Оқиға болған жерге келіп жеткен әйелдің туыстары мен бірге жұмыс жасайтын жандар оны танып, мәйіттің жеке басы анықталды. Алдын ала болжамға сәйкес, марқұмның жүрегі кенет тоқтап қалуы мүмкін деген болжам айтылуда. Қазіргі таңда Еңбекші полиция бөлімінің полицейлері оқиғаның мән-жайын толық анықтап жатыр.