Тұңғыш Президент күніне орай Мақтаарал ауданында 6 әлеуметтік нысан халық игілігіне тапсырылды. Қазіргі таңда ауданда 60 ұлттың өкілдерінен құралған 300 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 5 этно-мәдени орталық, 65 діни бірлестік, мақта мұражайы бар.
Соңғы үш жыл аралығында ауданда 36 жаңа мектеп және 12 медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұдан басқа қосымша 11 елдімекенге табиғи газ тартылды.
Мәдениет, денсаулық сақтау, жол-көлік құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді жаңғырту, балабақшалармен қамтамасыз ету және тағы басқа да әлеуметтік салаларда тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету үшін «Тәуелсіздікке 20 жыл» каналы қызмет көрсетуде және жаңартылуда.
Атап айтқанда 9 шаруашылық аралық каналда және 3 ауыл округінде ішкі жүйелерді бетонмен қаптау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңға 270-тен астам дренаж іске қосылды.
Ал Кеңесшіл ауылындағы 100 орындық бастауыш мектебі мен өнер және спорт жұлдыздары аллеясының құрылыстары аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне тапсырылып отыр. Мерекелік шара аясында ауданнан шығатын тауарлар көрмесі өтіп, соңы спорттық жарыстарға ұласты. Сондай-ақ, 1924 жылы 1-қарашада «Мақтаарал» тұқым шаруашылығы ұйымдастырылған Мақтаарал кеңшарының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр.
Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі