Аманбек Шоқанов

Облымызда әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларға арнап «Даңқ» аллеясы ашылды. Мақтарал ауданындағы 20/37 әскери бөлімінде қызмет бабында жүріп опат болғандардың рухына арнап ас беріліп, құран бағышталды. Аллеяның ашылуына еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Оңтүстік» аймақтық шекара қызметі басшылары мен марқұмдардың ет-жақындары жиналды. Жаңадан ашылған саяжолдың қақ ортасынан орын тепкен 20/37 әскери бөлімінің командирі болған Аманбек Шоқановтың мүсіні қойылды. Қызмет бабында жүріп қаза тапқан азаматтың бейнесін әріптестері өз қаражаттарына қойдырып отыр.

Аманбек Шоқанов
Аманбек Шоқановтың тас мүсіні 

Айдос Қиқабаев, ҚР ҰҚК шекара қызметі 20/37 әскери бөлімінің қызметкері: «Олардың рухына тағзым кету үшін өзіміздің 20/37 әскери бөлімінің жеке құрамы осы жаздан бастап, бүгінге дейін жақсы ереуілдер және осында белсенді жұмыстар атқарды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні осындай кішкентай саябақ пен тақталар және Аманбек Шоқановқа арналған ескерткіш орнаттық».

Аллеяда екі бірдей мемориалды тақта ашылды. Біріне 2009 жылдың 9-қыркүйегінде «МИ-8» тікұшағында опат болған шекарашылардың есімдері жазылған. Олар Өгем шатқалында қазақ-өзбек шекарасында кезекті барлау кезінде апатқа ұшыраған еді. Ал тағы бір мәрмар тақтаға «АН-72» әскери ұшағында опат болған шекара қызметі басшыларының аты-жөндері қашалған. Еске салайық, шекара қызметінің кіл қаймақтары мінген «АН-72» ұшағы 2012 жылдың 25- желтоқсанында Шымкентке жақын қалған жерде құлаған болатын.