Прокуратура қызметкерлерінің төл мерекесіне орай баспасөз қызметкерлері де ерекше құрметке ие болды. Құзырлы орган басылымдарда жарияланған ең үздік материалдарды қорытып, өзара байқау ұйымдастырған болатын.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат» басылымы арнайы номинацияларды жеңіп алды. Сондай-ақ, арнамыздың тілшісі Виталий Мантров авторлық бағыттағы материалдары үшін алғыс хатқа ие болды. Еңбектері еленген тілшілерге прокурорлар бағалы сыйлықтар табыстады.