Екі көліктің соғысуынан 12 жасар қыз зардап шекті. Оқиға тал түсте Байтұрсынов пен Арғынбеков көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, жоғары жылдамдықпен жүйткіген «Нексия» маркалы автокөлігі алдынан кесе көлденең шыққан «Ауди А6» көлігін соғады. Одан соң тежегішті басып үлгермеген «Нексия» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен алаңсыз мектепке бет алған оқушыны қағып кеткен.
«Мен Арғынбеков көшесімен келе жатқанмын. «Нексия» көлігі бағдаршам қызыл жанғанына қарамастан жүріп, менің көлігімді соқты. Соңынан жаяу жүргінші — кішентай қызды қақты» дейді «Ауди А6» автокөлігінің жүргізушісі.
Қазір оқиғаның ақ -қарасы анықталып жатыр. 12 жасар жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Тұрғындар Арғынбеков пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жол апаты жиі тіркеледі дейді. Оған қоса жаңа көшенің бойында әлі күнге дейін аялдама жоқ.