Жыл қорытындысы бойыша үздіктер марапатталып жатыр. Облыс және қала мәслихатының депутаттары «Су арнасы» мекемесінің мамандарына құрмет көрсетті. «Қаржырлы еңбегі үшін» төс белгісін еңбегі еленгендерге халық қалауларының атынан «Су ресурстары-Маркетингінің» бас диркеторы Анарбек Орман табыс етті. Марапатталғандардың арасында қала әкімдігінің арнайы алғыс хатын иеленгендер де бар. Осындай еңбекқор және білікті мамандардың көмегімен мекеме түрғындарды тіршілік нәрімен үздіксіз қамтып келеді.
Марат Базарбаев, «Береке 5» ЖШС-нің директоры: «Менің мұнда жұмыс жасағаныма 28 жыл болды. Осы аралықта ауызсудың 2 пәтерден жоғары көтерілгенін көргенім жоқ. Енді мынау тілге тиек болатын Мәскеудің өзі су есептеуіш құрылғыларын 30 пайыз орнатқанда, біз 100 пайызға орнатып қойғанбыз. Бір жерде жұмыс істеу, табыс табу — оңай емес. Табысты болу да оңай емес. Міне, алғыстары мен құрметтерін көрсетіп жатыр. Бір жерден тұрақты алынған айлық берекелді болады. Ұл-қыздарды үйлі-жайлы қылып, үй салып жатырмыз. Құдайға шүкір, бірінші Алла, екіншіден Анарбек ағамыздың арқасы.»