Жарылыстан зардап шеккендер ауруханада жатыр

271

26-желтоқсан күні Абай даңғылының бойындағы ғимаратта жарылыс болды. Оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында тіркелген. Соның салдарынан екі адам зардап шекті.

Келеңсіз жағдай жайлы суыт хабар төтенше жағдай департаментінің кезекші бөліміне кешкі сағат 17-ден асқанда түскен. Құтқарушыларға жедел жәрдем дәрігерлері қоңырау шалған екен. Абай даңғылының бойындағы үйлердің бірінде орналасқан жекеменшік клиниканың бухгалтерлік бөлмесінде жарылыс болған. Ауа дүмпуінен есік топсысынан жұлына жаздап, терезенің күл-паршасы шықты.

Күтпеген жағдайдың салдарынан екі адам зардап шеккен. Оларға дәрігерлер алғашқы көмекті көрсеткен соң жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығына алып кетеді. Зардап шеккендердің бірі – әйел кісінің денесінің 30 пайызы, ал ер кісінің денесінің 60 пайызы күтіп қалыпты. Қазір азаматша жалпы бөлімге ауыстырылса, ер кісі әлі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қазір арнайы топ құрылып, жарылыстың толық себеп-салдарын анықтау үстінде.